Ерекше иілгіштігімен дараланатын әшекей — білектің әрбір қимылын қайталап, қолға мінсіз «қонады» және таққан кезде мүлдем сезілмейді. Жинақы дизайн мен бекзат текстура оны әмбебап етеді: білезік әйелдің де, ер адамның да қолында бірдей әсерлі көрінеді.
Түтін түстес көктен бастап қанық лағыл мен жылы терракотаға дейінгі күрделі әрі терең реңкті 24 табиғи шпинель тасы. Жалпы салмағы — 21,2 ct.
Ag925 сынамалы күмістен жасалған және сенім артуға болатын берік ілгекпен жабдықталған. Барлық тастар тек табиғи текті.
Әрбір тас іріктеліп алынған және GIA GG, ММУ (М.В. Ломоносов атындағы ММУ ГМ-СЦ №22109) штаттық сарапшыларының геммологиялық сараптамасынан өткен.